07.07.2016, 22:11 3821

"Азбука жилья" компаниясынан қалған бірнеше үйдіӊ құрылысы келесі жылы аяқталады

"Азбука жилья" компаниясынан қалған нысандардыӊ құрылысына жауапты "ОРДА инжиниринг" ЖШС бас директоры Самат Ордабай алғашқы компания салмай кеткен бірнеше үйдіӊ құрылысы келесі жылы аяқталады деп мәлім етті

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - "Азбука жилья" компаниясынан қалған нысандардыӊ құрылысына жауапты "ОРДА инжиниринг" ЖШС бас директоры Самат Ордабай алғашқы компания салмай кеткен бірнеше үйдіӊ құрылысы келесі жылы аяқталады деп мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Айсанам de lux" тұрғын үй кешенініӊ құрылысын жалғастырдық, келесі жылдыӊ қыркүйек-қазан айларында пайдалануға береміз. "Комфорт" және "Комсомольский" тұрғын үйлерініӊ құрылысы да осы уақытқа дейін аяқталады, - деді С.Ордабай, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

С.Ордабайдыӊ айтуынша, "Жеті жол" және "Гарант" тұрғын үй кешендерініӊ құрылысы келесі жылдыӊ соӊына немесе 2018 жылдыӊ басына таман аяқталады деп жоспарланып отыр.

"Садовый квартал" тұрғын үй кешенініӊ құрылысы екі кезекке бөлінді. Бірінші кезегін 2018 жылдыӊ соӊында, екінші кезегін 2019 жылдыӊ соӊында тапсырамыз", - деді С.Ордабай.

Естеріӊізге сала кетейік, 2016 жылдыӊ мамыр айында Австрияныӊ құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іздестіру шаралары барысында сеніп тапсырылған мүлікті иемденуі және талан-таражға салғаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы халықаралық іздеу жариялаған Ерқанат Тайжанов ұсталған болатын. Тайжанов 2012-2015 жылдары аралығында "Азбука жилья" компаниялар тобыныӊ нақты иесі бола тұрып, үлескерлердіӊ 40 млрд. теӊгеден астам қаржысын қасақана әрі заӊсыз иемденген. Қазіргі уақытта ұсталғанды Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде. Айта кетейік, "Азбука жилья" құрылыс компаниялары тобыныӊ басшыларынан "Айсанам", "Айсанам де люкс", "Комсомольский", "ExpoCity", "ExpoTown", "Комфорт", "Гарант", "Жеті Жол", "Садовые кварталы" және "Династия" тұрғын үй кешендерініӊ үлескерлері зардап шекті. Бүгін "ОРДА инжиниринг" "Азбука жилья" компаниясынан қалған нысандардыӊ құрылысын аяқтау міндетін өз мойынына алды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны