17.04.2006, 14:43 3096

Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлері Кабул қаласында жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылайды

ДУШАНБЕ. 17-сәуір. Kazakhstan Today. Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлері Кабул қаласында жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы ықпалдастық мәселелерін талқылайды. Бұл жерде бүгін “Жұқпалы аурулар құстарды алаламайды” деген тақырыпта екі күндік халықаралық бас қосу басталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігінен хабарлады.

Конференцияға Орталық Азия елдері, Түркия, Қытай, Пәкістан, Монғолия мен басқа да елдердің денсаулық сақтау министрлері қатысады.

Бас қосуға қатысушылар малярия, құрт ауруы, тырысқақ, СПИД, құс тұмауы секілді жұқпалы дерттердің алдын алу салалары бойынша ықпалдастық мәселелерін талқылайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны