24.01.2014, 20:14 6838

Азия ойындарының екі дүркін чемпионы дүниеге үшем әкелді

"Хоккейші мен оның жолдасы ұлдарына Архип, Прохор және Егор деген аттар берді. Жас келіншек алдағы уақытта спортқа қайтып келетініне сенімді. Алайда нақты қашан екені белгісіз", - делінген хабарламада.

Алматы. 24 қаңтар. Kazakhstan today. Шығыс Қазастан облысының тумасы, Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежеде спорт шебері, Өскемен қаласы ШКБ БЖСМ шайбалы хоккей бойынша әйелдер командасының жаттықтырушысы Мария Федоренко дүниеге үшем әкелді. Бұл туралы ШҚО Ақпараттық орталығы хабарлады.

"Хоккейші мен оның жолдасы ұлдарына Архип, Прохор және Егор деген аттар берді. Жас келіншек алдағы уақытта спортқа қайтып келетініне сенімді. Алайда нақты қашан екені белгісіз", - делінген хабарламада.

Мария "Б" тобындағы әлем чемпионы, ол 2005-2006 жылы Еуролигада екінші орынды місе тұтса, 2006 году Азиялық лиганы маусымның үздік қорғаушысы ретінде жеңімпаз атанды.

Айта кетерлік жайт, Мария Михайлованың жаттықтырушы ретінде де жеткен жетістіктері аз емес. Оның тәрбиеленушілері 2007 жылы Қытайда өткен Азия ойындарында алтын медальді қоржынға салса, 2009 жылы ҚР II Қысқы Спартакиадасында күміс иеленді. Бүгінгі таңда оның 6 ҚР құрама командасына мүше. Ал, М. Федоренконың өзі 2000 жылдан республикалық құрама команданың құрамында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны