08.07.2014, 20:59 21523

"Азия жаңғырығы-2014" цирк фестивалінің бас жүлдесін Қазақстанның әуе дуэті жеңіп алды

Бүгін елорда циркінде "Азия жаңғырығы-2014" халықаралық цирк фестивалінің қорытындысы шығарылды. Байқаудың бас жүлдесін Қазақстанның атынан өнер көрсетіп "Икар аңызы" нөмірін көрсеткен Дәулет Досбатыров пен Марина Стародубова ұтып алды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Бүгін елорда циркінде "Азия жаңғырығы-2014" халықаралық цирк фестивалінің қорытындысы шығарылды. Байқаудың бас жүлдесін Қазақстанның атынан өнер көрсетіп "Икар аңызы" нөмірін көрсеткен Дәулет Досбатыров пен Марина Стародубова ұтып алды.

"Мен осы уақытқа дейін бірнеше байқауларға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атандым. Ал Марина үшін бұл алғашқы жеңіс, бұл жеңіс енді оны одан сайын шабыттандыра түспек. Бұл номердің ешқай жерде қойылмай, осында арнайы дайындалуының өзі біздің көзіріміз болса керек. Бұл жерде цирк өнері мен драматургия өзара үндесіп көрерменге ерекше әсер сыйлайды. Мен осынау жанрды өмір бойы өзіме серік етіп келемін. Ал Марина 5 жылдай айналысып келеді", - дейді жеңімпаз Дәулет Досбатыров.

Өз кезегінде фестиваль қазыларының айтуынша, ең таңдаулылардың арасынан үздіктерді таңдап алу деген өте қиын. Барлық өнерпаздың өзіндік ерекшеліктері бар.

"Біз шара жеңімпазсын анықтау барысында ұзақ ақылдастық. Өйткені біз 4 талап бойынша бағаладық. Атап айтар болсақ олар режиссура, трюктерді орындау техникасы мен оның қиындығы, музыкалық әрлеу мен әртістік шеберлік", - дейді қазы мүшесі Таисия Корнилова.

Естеріңізге сала кетейік, Елорда күнін тойлау аясында 8 елдің цирк өнері әртістері жыл сайынғы "Азия жаңғырығы" халықаралық цирк өнері фестивалінде өз өнерларын ортаға салды. Қала тұрғындары мен қонақтары 8 күн бойы өнерпаздардың өнерлеріне таңдай қағысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны