17.02.2020, 18:30 9821

Б. Сағынтаев қала көшелерін аралап, қар тазалау бойынша жұмыстарды тексерді

Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Д. Ахметқалиев хабарлағандай, 50 инспектор жаяу жүргіншілер жолдары мен жаяу жүргіншілер жолағының қардан тазартылғанын бақылайтын болады.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда қардың көп мөлшерде түсуіне байланысты жаяу жүргіншілер аймағы мен тротуарларды тазарту бойынша жұмыстар тексерілуде.

Бұл туралы Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Диас Ахметқалиев әкімдіктің баспасөз орталығында өткен брифингте мәлімдеді.

Брифингке Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Төрехан Исин, "Алматы қаласы құтқару қызметінің" басшысы Дмитрий Чухонцев қатысты.

16 ақпанда Алматы қаласында арты қарға ұласқан жаңбыр жауа бастады. Қаланың арнайы қызметтері қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. 600-ден астам қар тазарту техникасы мен 2500-ге жуық жол жұмысшыларының жұмысы ұйымдастырылды.

Жасыл экономика басқармасы басшысының орынбасары Д. Ахметқалиев хабарлағандай, 50 инспектор жаяу жүргіншілер жолдары мен жаяу жүргіншілер жолағының қардан тазартылғанын бақылайтын болады.

"Қаланың жаяу жүргіншілер жолағы бөлігінде тексеру жүргізілуде. Бұл жұмыс аудан әкімдіктері, абаттандыру бөлімі, коммуналдық қызметтер мен Жасыл экономика басқармармасының бақылауында. Жер асты және жер үсті жаяу жүргіншілер аймағы және тротуарларда қарды тазалау және жинау жұмыстары бір тәулік ішінде аяқталады", - деп хабарлады Д. Ахметқалиев.

"Алматы қаласының құтқару қызметі" МКК басшысы Д. Чухонцев қала тұрғындарын қар қалың жауған кезде, өтпелі жолдармен жүру кезінде сақ болуға, құлайын деп тұрған ағаштарға жақын жерде көліктерді қалдырмауға шақырды.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев 16 ақпан күні қала көшелерін аралап, қар тазалау бойынша жұмыстарды тексерді. Қаланы қардан тазарту жұмыстары биліктің бақылауында.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны