02.11.2019, 15:24 15395

Б. Сағынтаев: Цифрлық технологияны қолдау мен дамыту үшін ІТ- кеңес құрамыз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ІТ-қоғамдастығымен кездесуде саланы қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады, сонымен қатар арнайы кеңес құрылатыны туралы хабарлады.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - 31 қазанда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ІТ-қоғамдастығымен кездесуде саланы қолдау мен дамыту мәселелерін талқылады, сонымен қатар арнайы кеңес құрылатыны туралы хабарлады.

Екі сағат шамасына созылған кездесуде ІТ-саласын дамытуға қатысты мәселелер мен ұсыныстар, мегаполис экономикасында оның үлесін арттыру туралы сөз болды.

Электронды коммерциямен, онлайн-сервиспен, ритейлмен, логистикамен, финтехпен, көлік мобильділігімен, білім және инвестициямен айналысатын цифрлық компаниялар өкілдері осы саланың экожүйесін одан әрі қалыптастырудағы өз ойларын айтты.

Басты мәселенің бірі - кадрлардың жетіспеушілгі. Видеобақылау жүйесін жасаушы Қайрат Ахметов бұл мәселені шешу үшін "Алатау" ПИТ АЭА студенттердің кампусын ашуды, финтех-маман Руслан Омаров жоо-да студенттік зертханаларды ашуды ұсынса, ал Жамбыл Ревшановтың компаниясы Алматыда халықаралық ІТ- мектебін ашуды ниет етуде.

Кездесуге қатысушылардың барлығы саланы тиімді реттеу, қолдаудың түсінікті ережесін жасау және цифрландыруда жеке бизнесті дамыту туралы айтты. Бұларға ІТ-кеңесті құру көмектесетін болады, ол туралы ұсынысты қазақстандық интернет-бизнес Қоғамдастығының президенті Константин Горожанкин айтты.

- Сіздің келуіңізбен біздің сала үшін жақсы экожүйе қалыптастырудың жақсы мүмкіндігі туды. Кеңес арқылы біз сарапшылар ретінде қалаға қажет жобаларды анықтауға көмектесетін боламыз, - деді, сонымен қатар ол ІТ- қоғамдастықтың оң өзгерістер болатынына сенімді екенін, өйткені Б. Сағынтаевтың еліміздің Премьер-министрі болған кезде "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасын жүзеге асырғанын атап өтті.

ІТ-қоғамдастықтың барлық өкілдерін тыңдаған Алматы әкімі ақпараттық технология саласында Іскерлік кеңеске балама ретінде арнайы кеңес құру жөніндегі ұсынысты қолдады.

- Жақында өткен кеңесте Президент Қ.-Ж. Тоқаев мегаполистің барлық саласының тыныс-тіршілігін цифрландыру бойынша жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Сондықтан бізге сіздердің көмектеріңіз маңызды. Құрылатын ІТ-кеңес аясында ай сайын бір рет кездесеміз, нақтылы мәселелерді қоямыз және олардың шешімдерін табатын боламыз. Ең бастысы, кеңес ІТ-саланы дамыту үшін жайлы жағдайлар жасаудың тиімді алаңы болуы тиіс, - деді Б. Сағынтаев, барлық қажетті шешімдерді сала сарапшыларының қабылдайтынын атап өтті.

Әкімдік инфрақұрылымды құруға, барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын үйлестіруге көмектесетін болады. Қала экономикасының құрылымында сала үлесінің барынша маңызды болуы міндеті тұр.

Б. Сағынтаевтың пікірінше, Алматы осы салада әлемдегі ең инновациялы және ілгері жылжыған қалалардың бірі болуы тиіс. Ол үшін барлық мүмкіндіктер, ең бастысы - бай адами капитал бар. Ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоо-ның әлеуетін пайдалану қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны