09.07.2015, 12:14 2962

Бағалы ұялы телефон ұрлаған 38 жастағы Атырау облысыныӊ тұрғыны ұсталды

Ақтау станциясындағы Ішкі істер желілік бөліміне 30 жастағы Ақтөбе қаласыныӊ тұрғыны шағымданып келді. Оныӊ айтуынша "Ақтөбе-Маӊғышлақ" бағытындағы жолаушылар поезыныӊ вагондарыныӊ бірінен оныӊ соӊғы үлгідегі бағалы ұялы телефонын ұрлап кеткен

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - Ақтау станциясындағы Ішкі істер желілік бөліміне 30 жастағы Ақтөбе қаласыныӊ тұрғыны шағымданып келді. Оныӊ айтуынша "Ақтөбе-Маӊғышлақ" бағытындағы жолаушылар поезыныӊ вагондарыныӊ бірінен оныӊ соӊғы үлгідегі бағалы ұялы телефонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтау станциясындағы Ішкі істер желілік бөлімініӊ қызметкерлері жедел іздестіру шарасы барысында 38 жастағы Атырау облысыныӊ тұрғынын "ізін суытпай" ұстады.

Тексеру барысында ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, телефонды өз еркімен иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-ніӊ 188-бабыныӊ 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізілуде.

Көліктегі ІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны