05.07.2016, 15:55 4026

Бәйдібек ауданында астық ору науқаны басталды

Бәйдібек ауданында егінге орақ түсті. Жалпы ауданда биыл масақты дақылдардыӊ егіс көлемі 31 мыӊ 824 гектар жерге егілген. Оныӊ бүгінгі таӊға, 3540 га бидай орылып, қамбаға 6600 тонна өнім жиналды. Ал арпаныӊ 960 га орылып, 960 тонна өнім алынды

Астана. 5 шілде. Kazakhstan Today - Бәйдібек ауданында егінге орақ түсті. Жалпы ауданда биыл масақты дақылдардыӊ егіс көлемі 31 мыӊ 824 гектар жерге егілген. Оныӊ бүгінгі таӊға, 3540 га бидай орылып, қамбаға 6600 тонна өнім жиналды. Ал арпаныӊ 960 га орылып, 960 тонна өнім алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жалпы аудан бойынша 107 бірлік комбайн тіркелсе, оныӊ 79-ы орақ науқанына қатысуда. Шаруалар егін орағы науқанымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстарын да қатар жүргізуде. Осылайша мал азығыныӊ 202 тоннасы дайындалды.

Агротехникалық талаптардыӊ сақталуы, жаӊа технологиялардыӊ қолдануы мен мемлекет тарапынан дер кезінде берілген қолдаулардыӊ арқасында биылғы жылы астықтыӊ мол өнімін өсіруге қол жеткізіп отырмыз дейді бәйдібектік диқандар.

Алдын-ала жасалынған болжамдық есеп бойынша 31 мыӊ 824 гектар масақты дақылдардыӊ әр гектарынан 16 центнерден (2015 ж -17 ц/га) жалпы 51 мыӊ тоннаға жуық астық жиналады деп күтілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны