26.06.2017, 08:41 2531

Байқоӊыр қалалық саябағында "Астана ЭКСПО - 2017" тақырыбында көрме ұйымдастырылды

Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры 2017 жылдыӊ 24 маусым күні Байқоӊыр қалалық саябағында "Астана ЭКСПО -2017" тақырыбында көрме ұйымдастырды.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ жастар саясаты мәселелері басқармасы және "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қоры 2017 жылдыӊ 24 маусым күні Байқоӊыр қалалық саябағында "Астана ЭКСПО -2017" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Шара барысында, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихатталып, көшпелі қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды және "Жас суретші - 2017" байқауыныӊ жеӊімпаздары марапатталды.

Шараныӊ ашылуында "Ашық Азаматтық Қоғам" ақпараттық-ресурстық орталығы" қоғамдық қорыныӊ еріктілері "Байқоӊыр жастары ЭСКПО - 2017"-ні қолдайды" тақырыбында флешмоб өткізді. Осыдан кейін жастарға мемлекеттік бағдарламалар түсіндіріліп, қолөнер бұйымдарынан көрме көрсетілді.

Қадлада маусым айыныӊ 1-нен бастап 20-на дейін "Жас суретші - 2017" байқауы өткен болатын. Шарада осы байқау қорытындысы жарияланып, бірінші орын Агнзура Қожамжароваға берілді. Екінші орын жүлдесін Дария Қонақбаева алса, үшінші жүлде Аяжан Мұратбековаға бұйырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны