03.06.2015, 21:35 4011

Байқоӊырдағы 6 білім ордасы Қазақстандық стандартқа көшеді

Ол үшін бүгін Мәжілісте Байқоӊыр қаласындағы білім беру мекемелерініӊ Қазақстан иелігіне өтуі туралы заӊ жобасы қабылданды

Астана. 03 Маусым. Kazakhstan Today - Ол үшін бүгін Мәжілісте Байқоӊыр қаласындағы білім беру мекемелерініӊ Қазақстан иелігіне өтуі туралы заӊ жобасы қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Яғни Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі арасында келісім ратификацияланды, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Байқоӊыр қаласыныӊ білім беру ұйымдарын беру туралы үкіметералық келісім бойынша Ресей Байқоӊыр қаласыныӊ Ресей Федерациясы юрисдикциясындағы білім беру ұйымдарын береді, ал Қазақстан осы келісімніӊ қосымшасы және ажырамас бөлігі болып табылатын тізбеге сәйкес білім беру ұйымдарын Қазақстанныӊ юрисдикциясына қабылдап алады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі

-Біз екі ел бірігіп білім беру ұйымдарын қабылдап алуды-беруді жүзеге асыру үшін бірлескен комиссия құрдық. Білім ордаларындағы барлық мүліктер қайтарымсыз Қазақстан иелігіне өтеді. Сондықтан 1 қыркүйектен бастап балалар Қазақстандық стандартпен білім алуды бастайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны