08.07.2018, 23:30 3861

Баку қаласында Астананыӊ туған күні атап өтілді

"Астана - ұлы Дала жауһары" фотокөрмесі Мәскеу, Мадрид, Санкт-Петербург, Гаага, Бухарест, Астрахань қалаларында болып үлгерді. Болашақта Лондон, Париж, Берлин және Бейжіӊ қалаларында болмақ.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan Today - Изірбайжан астанасындағы Гейдар Алиев орталығында Қазақстанныӊ елордасыныӊ 20-жылдығына арналған "Астана - ұлы Дала жауһары" атты фотокөрме өтті. Іс -шара ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасыныӊ қоры, Қазақстан Республикасыныӊ Изірбайжандағы елшілігі және Гейдар Алиев Қорыныӊ ұйымдастыруымен өтті.

Фотокөрмені ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов пен Гейдар Алиев орталығыныӊ директорыныӊ бірінші орынбасары Адил Керимли ашты.

"Астана - ұлы Дала жауһары" фотокөрмесі Мәскеу, Мадрид, Санкт-Петербург, Гаага, Бухарест, Астрахань қалаларында болып үлгерді. Болашақта Лондон, Париж, Берлин және Бейжіӊ қалаларында болмақ.

Бірінші болып фотокөрмені Изірбайжанныӊ белгілі мемлекет қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет қайраткерлері және журналистер тамашалай алды.Құрметті қонақтардыӊ ішінде Изірбайжан Парламентініӊ депутаттары, Венециялық Комиссияныӊ Президенті Джанни Букиккиожәне Изірбайжанныӊ Конституциялық сотыныӊ Төрағасы Фархад Абдуллаевбастаған Еуропа және ТМД елдерініӊ Конституциялық сотттарыныӊбасшылары болды.

Қонақтар Бәйтерек, Пирамида және Нұр Илем ғимараттарынәсіресе атап өтті.Сонымен қатар "Тұран" этно-фольклорлық тобыныӊ өнері жиналған қауымға өте ұнады.

Мәдени іс-шара барысында келген қонақтарға Астананыӊ 20-жылдығына арналған "A Day in Astana" фотоальбомы және "Бурабай" ұлттық мемлекеттік табиғи бағына арналған"A Day in Burabay" атты фотальбомдары тарту етілді. Бұл альбомдар ҚР Тұӊғыш Президенті қорыныӊ тапсырысы бойынша әзірленді. Бірінші альбом Астананыӊ ультра заманауи ғимараттары, олардыӊ архитектуралық және техникалық ерекшеліктері көрсетілген фотосуреттерден тұрады. Екінші фотоальбом "Қазақстандық Швейцарияныӊ" кереметімен таныстырады.

ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов: "2018 - бұл Қазақстан үшін ерекше жыл. Бүгін біздіӊ елордамыз өзініӊ 20 жылдығын атап өтуде. Біз үшін бұл оқиғаныӊ тарихи маӊызы зор. Бүгінде Астананы қазақ даласыныӊ жауҺары деп атауға болады. Астана тәуелсіздіктіӊ, жаӊа шексіз мүмкіндіктердіӊ, батыл идеялар мен қазақ халқыныӊ үмітініӊ көрінісі болып табылады.20 жыл бұрын Қазақстан Президенті қабылдаған тарихи шешім бүкіл мемлекеттіӊ дамуы мен өркендеуіне жаӊа серпін берді".

Қазақстан халқын Астананыӊ мерейтойымен құттықтай отырып, Гейдар Алиев Орталығыныӊ директорыныӊ бірінші орынбасары Адил Керимли былай деп атап өтті: "Бүгінгі іс-шара Гейдар Алиев Қоры мен Қазақстан Республикасы Тұӊғыш Президенті Қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді. Біздіӊ ынтымақтастығымыз елдеріміздіӊ мәдени, тарихи және ғылыми мұраларын зерделеуге және таратуға, халықтар достығын күшейтуге бағытталған".

Сонымен қатар Изірбайжанға сапар барысында ҚР Тұӊғыш Президенті - Елбасы қорыныӊ атқарушы директорыныӊ орынбасары Игорь Рогов "Құқықтық мемлекет пен конституциялық әділеттілік: құндылықтар және басымдықтар" атты халықаралық конференциясында"2017 жылғы конституциялық реформа және Қазақстанныӊ құқықтық жүйесініӊ жаӊғыртылуы"тақырыбында баяндамажасады.Бұл іс-шара Изірбайжан Республикасыныӊ Конституциялық сотыныӊ 20 жылдығыныӊ аясында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны