13.06.2008, 14:40 3158

Балалардың жаппай білім алуын қамтамасыз етуге заңнамалық және саяси негіз құру қажет - ЮНЕСКО

Балалардың жаппай білім алуын қамтамасыз етуге заңнамалық және саяси негіз құру қажет - ЮНЕСКО

Алматы. 13 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Балалардың жаппай бірдей мүмкіндікпен сапалы білім алуын қамтамасыз етуге заңнамалық және саяси негіз қалап енгізу қажет. Бұл туралы кеше ЮНЕСКО-ның бас хатшысы Коичиро Мацуура Бүкіләлемдік бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес күніне орай мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

К. Мацуура халықтың әлеуметітк жағынан аз қорғалған бөлігінен шыққан балаларды жұмыс істеу қажеттігінен қорғау үшін және оларды оқыту процессіне жұмылдыру үшін арнаулы қолдау көрсетілуге тиіс деп мәлімдеді.

ЮНЕСКО бас хатшысының айтуынша, 5-17 жас аралығындағы 200 млн астам баланың жұмыс істеуге мәжбүр болу дерегіне жол беруге болмайды. Олар балалық шақтың қуаныштарынан, мүмкіндіктер мен артықшылықтарынан айрылған. Олардың тікелей және интеллектуалдық дамуына қатер төнуде.

Жұмыс істеп жүрген балалардың төрттен үш бөлігі 15 жасқа толмаған, ал Халықаралық еңбек ұйымының ең төменгі жас мөлшері туралы 1973 жылғы Конвенциясында 15 жасқа дейінгі балалар жұмыс істеуге тиіс емес деп көрсетілген.

ЮНЕСКО өз әріптестерімен бірлесе отырып Балалардың құқығы жөніндегі БҰҰ конвенциясына мониторинг жүргізу арқылы баланың еңбегін пайдалану деректерімен күресуге уәде береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны