31.05.2007, 16:12 6872

Балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты сот үкімдері шілдеде шығарылуы мүмкін

ШЫМКЕНТ. 31 - мамыр. Kazakhstan Today. Балалардың жаппай ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты сот үкімдері шілдеде шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз заңмен тағайындалған мерзімде үкім шығарып үлгеруге тырысамыз. 19-шілдеге дейін сот талқысы аяқталады деп ойлаймын",- деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне процеске төрағалық еткен Ил-Фараби аудандық сотының төрағасы Зиядинхан Пірнияз.

Естеріңізге сала кетейік, балаларға жаппай ВИЧ індетін жұқтыру туралы сот процессі Шымкентте 19-қаңтарда басталған болатын. Айыпталушылар саны 21 адам, олардың 18-і медицина қызметкерлері.

Өткен аптада сот процессіне қатысушылардың барлығынан жауап алу аяқталған болатын. Бүгін таңертеңгі сот отырысында олар сот процессі барысында түскен материалдарды зерделеді. Отырыста іске тіркелген бейнематериалдар қаралды. Осымен ВИЧ індетін жаппай жұқтыру туралы қылмыстық істерін зерттеу аяқталды. Сот ертеңгі күннен бастап тараптардың жарыссөзіне көшеді. Бірінші болып айыптаушыларды тыңдайды.

Қазіргі күнде Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 111 бала анықталған, олардың тоғызы қайтыс болып, біреуін асырап алған, және де ВИЧ індетін 14 ана жұқтырған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны