06.09.2010, 15:38 5345

Балқашта жоғалып кеткен балықшыларды іздеу үшінші күнге созылуда

Қарағанды облысында Балқашта жоғалып кеткен балықшыларды іздеу үшінші күнге созылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қарағанды 6 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағанды облысында Балқашта жоғалып кеткен балықшыларды іздеу үшінші күнге созылуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3-тамызда 18 және 20 жастағы екі жігіт қайықпен Балқаш көліне аттанып, кешке үйге қайтып оралмаған.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 4-тамыз күні таңертең балықшыларды жергілікті тұрғынщдар сегіз қайықпен іздей бастаған. Одан кейін 53 898 әскери бөлімшесінің жаттығу ұшағымен көлдің бетін сүзіп шыққан.

Сонымен қатар, жоғалған адамдарды іздеуге Қарағанды облысының ТЖД Судан құтқару қызметінің Балқаш қалалық судан құтқару станциясының "Орион" құтқару катері шыққан. 5-тамыз күні "Қазавиақұтқару" РМК тікұшағы тартылып, Балқаш көлінің айдыны мен жағалауын түгелдей айналып шыққан. Ол жалпы 700 шақырым жерді айналған. Қазіргі уақытта жоғалған балықшылар табылмай отыр. Суда іздестіру жұмыстарын жүргізуге ауа райының қолайсыздығы - қатты соққан жел мен үлкен толқындар кедергі болып отыр.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздеу жұмыстары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны