09.04.2015, 16:43 4259

Бангладеште жол апатынан 24 адам қаза тапты

Полицияныӊ айтуынша, Даккаға бара жатқан автобустыӊ жүргізушісі көлікті басқара алмай, соқтығысқаннан кейін аударылып кеткен

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Фридпур ауданында жолаушылар мінген автобус ағашқа соқтығысқан. Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 01.15-те орын алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицияныӊ айтуынша, Даккаға бара жатқан автобустыӊ жүргізушісі көлікті басқара алмай, соқтығысқаннан кейін аударылып кеткен, деп хабарлайды khabar.kz тілшісі.

Зардап шеккендердіӊ айтуынша, автобус аса жоғары жылдамдықпен қозғалған көрінеді. Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Кейбіреулерініӊ жағдайы ауыр. Оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны