07.04.2010, 10:27 1769

Барак Обама АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын жария етті

Барак Обама АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын жария етті

Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Кеше Ақ үй басшысы Барак Обама АҚШ-тың жаңа ядролық доктринасын, таяудағы онжылдыққа арналған ядролық күштерді дамыту концепциясын жария етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Голос Америки" радиосына сілтеме жасап.

"Голос Америки" ақпаратына сәйкес, бұл құжат (Nuclear Posture Review или NPR) үшінші рет жарияланып отыр және ол Америка Құрама Штаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясында ядролық қару қандай рөл атқаратындығын анықтауға тиіс. Бұл құжат алғаш рет құпияланбай отыр.

Барак Обама бір жағынан оның стратегиялық мақсаты дүниежүзін ядролық қарудан азат ету болып табылады және АҚШ, әлемде ядролық қаруды қолданған жалғыз мемлекет ретінде бұл жолда көшбасшы болуға міндетті деп мәлімдейді. Екінші жағынан Обама атап көрсеткендей, таяу келешекте Америка Құрама Штаттары ядролық қарудың "сенімді әрі эффективті арсеналын" сақтауға міндетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны