23.07.2015, 14:52 4937

Барлық өӊірлердіӊ мектептерін оқулықтармен қамтамасыз ету жөніндегі барлық қаржы мәселелері шешілді - ҚР БҒМ

Бүгінгі таӊда барлық өӊірдіӊ мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді қаржыландыру мәселелері шешілді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасы Саят Нүсіпов

Астана. 23 Шілде. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда барлық өӊірдіӊ мектептерін оқулықтармен қамтамасыз етуді қаржыландыру мәселелері шешілді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитет төрағасы Саят Нүсіпов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгінгі таӊда өӊірлерде қаржыландыру мәселесі толықтай шешілді", - деді С.Нүсіпов, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Комитет басшысы айтып өткендей, жекелеген өӊірлерде қаржыландыру созылып кетуіне байланысты логистика және жеткізу жағынан қауіп-қатер бар.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардыӊ жауапкершілігі күшейтілді.

"Астана және Алматы қалалары бойынша мектептердіӊ 98%-ы қамтамасыз етілген, Павлодар облысы - 96%, Алматы облысы - 63%, Қарағанды облысы - 93%, Жамбыл облысы - 41%, Оӊтүстік Қазақстан облысы - 34,9%, Атырау облысы - 35%, Солтүстік Қазақстан облысы - 50,3%, Батыс Қазақстан облысы - 37,5%, Ақмола облысы - 32%, Қостанай облысы - 12,5%, Ақтөбе облысы - 18%, Шығыс Қазақстан облысы - 12%, Маӊғыстау облысы - 38%, Қызылорда облысы - 18%", - деді ол.

Бұдан өзге, ол Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес 2,3,4,5,6,9,10 және 11-сыныптардыӊ оқулықтардыӊ мазмұны жаӊартылатындығын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны