05.02.2015, 16:12 4172

Бас прокуратурадағы кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтыӊ Ұлыбританияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Кэролин Браунмен және Қылмыспен күрес бойынша Ұлыбритания Ұлттық агенттігініӊ Орталық Азиядағы Байланыс офицері және Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесуі болып өтті

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Республикасыныӊ Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтыӊ Ұлыбританияныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Кэролин Браунмен және Қылмыспен күрес бойынша Ұлыбритания Ұлттық агенттігініӊ Орталық Азиядағы Байланыс офицері және Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесуі болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

А.Дауылбаев әріптестерін заӊдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, қылмыспен күрес бойынша прокуратура органдары қызметініӊ негізгі бағыттары туралы мәлімет берді.

Кездесуде құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін, оныӊ ішінде трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткініӊ заӊсыз айналымына, киберқылмыстылыққа, терроризм, экстремизмге, адам саудасына қарсы тұру, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеӊейту мәселелері қаралды.

Ұлыбританияныӊ жетекші сарапшыларыныӊ қатысуымен аталмыш мәселелер бойынша прокуратура органдарыныӊ қызметкерлеріне оқу семинарлары мен тренингтерін өткізу келіссөздердіӊ жеке тақырыбы болды.

Ф.Хеллон қазақстандық прокуратураныӊ мемлекеттіӊ халықаралық-құқықтық саясатын жүзеге асырудағы орнын жоғары бағалап, халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ортақ стратегиялық міндеттерге байланысты ынтымақтастық мәселелерін жалғастыруға деген ниетін білдірді.

Тараптар аталмыш кездесудіӊ Қазақстан мен Ұлыбритания қадағалаушы органдары арасында қалыптасқан өзара ықпалдастықты одан әрі дамытудағы және құқықтық жүйелерініӊ тәжірибесін алмасудағы маӊыздылығына ерекше көӊіл аударды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны