13.04.2016, 13:04 3872

"Батыр аруларға" ресейліктер, украиндықтар және американдықтар дауыс беруде

Ресей Федерациясы, Украина, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Имірліктері, Беларусь, Германия және тағы басқа елдердіӊ тұрғындары 12 үздік әйел әскери қызметшіні белсенді түрде таӊдауда

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштеріндегі әскери кәсіптіӊ үздік өкілдеріне Қазақстанныӊ ғана емес, сонымен бірге жақын және алыс шетелдегі тұрғындар дауыс беруде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ресей Федерациясы, Украина, Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Имірліктері, Беларусь, Германия және тағы басқа елдердіӊ тұрғындары 12 үздік әйел әскери қызметшіні белсенді түрде таӊдауда, деп хабарлады Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

"Осы жылы мен байқауға қатысамын деп бел будым. Себебі, бұл теӊдессіз, бірегей сайыс. Илбетте, мен финалистер қатарында болғым келеді. Мен өзімніӊ әлеуметтік желімде дауыс беруге арналған сілтеме жасадым. Маған белсенді түрде дауыс беріп жатыр. Байқауда қолдау өте маӊызды екенін айта кеткім келеді", - деді "Батыр арулар-2016" байқауына қатысушы қатардағы жауынгер Есения Маркштедер.

Бүгінгі күні байқау қатысушыларына 130 мыӊнан аса адам өз дауыстарын берді. Дауыс беру 2016 жылғы сәуірдіӊ 1-і мен мамырдыӊ 31-і аралығында ҚР Қорғаныс министрлігініӊ mod.gov.kz ресми веб-сайтында өтуде. Барынша әділ дауыс беру үшін әрбір сайт қолданушысы бір ip-адрестен бір ғана дауыс бере алады. Таӊдау оnline режімде өтуде, дауыстар автоматты түрде сайттыӊ web-парақшасында көрсетіледі. Ирбір қатысушыға берілген дауыс санын айқын көрсетіп, жалпы дауыс беру барысын жіті қадағалауға мүмкіндік береді.

"Батыр арулар" байқауы Қазақстандағы әйелдердіӊ әскери қызметін жария ету үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ бастамасы бойынша ұйымдастырылғанын естеріӊізге сала кетейік. Былтырғы жылы алғашқы байқауға 123 әйел әскери қызметші қатысты. Қырық күндік онлайн дауыс беру нәтижесінде конкурсанттарға өте-мөте көп, яғни, 255 725 дауыс берілді. Байқау қазақстандықтардыӊ арасында ғана емес, сонымен қатар өзге елдердіӊ тұрғындары арасында да қызығушылық туғызды. Дауыс беруге Ресей, АҚШ, Германия, Индонезия және Үндістанныӊ қолданушылары белсене атсалысты. Нәтижесінде бірталай сынақтардан мүдірмей өтіп, өздерініӊ жауынгерлік әзірліктерін, төзімділіктері мен күш-жігерлерін паш еткен Қазақстан Қарулы Күштерініӊ лайықты өкілдері болып табылатынын дәлелдеген 12 жеӊімпаз анықталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны