02.12.2015, 14:47 4050

Батырлардын ұрпағы ҚР ҚК-ніӊ музейіне тарихи жәдігерлердіӊ түпнұсқаларын берді

Атақты батырлардыӊ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ ұрпақтары, жеӊімпаздардыӊ балалары мен немерелері ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ұсынысына үн қатты және ҚР Қарулы Күштерініӊ жаӊа әскери-тарихи музейініӊ қорына мәдени және ғылыми құндылыққа ие бірегей тарихи заттар мен ата-бабаларыныӊ құжаттарын берді

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - Атақты батырлардыӊ, Ұлы Отан соғысына қатысушылардыӊ ұрпақтары, жеӊімпаздардыӊ балалары мен немерелері ҚР Қорғаныс министрлігініӊ ұсынысына үн қатты және ҚР Қарулы Күштерініӊ жаӊа әскери-тарихи музейініӊ қорына мәдени және ғылыми құндылыққа ие бірегей тарихи заттар мен ата-бабаларыныӊ құжаттарын берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен атам Иван Васильевич Панфиловқа қатысты кейбір жәдігерлерді әкелдім. Бұл кітап 1936 жылғы басылып шыққан оныӊ жеке кітапханасынан. Бірақ, меніӊ ойымша еӊ бағалысы ол меніӊ атамныӊ қаза болған жүргізушісіне комиссар Логвиненконыӊ берген партбилеттіӊ бір жапырақ қағазы. Жүргізуші соғыста оны тұмар ретінде тағып жүріп, өзініӊ партбилетін осы бір жапырақ қағазда сақтап, кейіннен біздіӊ отбасымызға берді. Сонымен қатар 28 панфиловшылардыӊ екеуіне Кеӊес Одағыныӊ батыры атағын беру туралы екі грамотаныӊ түпнұсқаларын, Бауыржан Момышұлыныӊ қолтаӊбасы бар фотосуретті бердік. Одан басқа, Шымкентте құрылған 301-ші, 310-шы және 312-1-ші дивизиялардан әскери бөлімдердіӊ, сондай-ақ 768-жойғыш-авиациялық полкініӊ туларыныӊ түпнұсқалары бірегей болып табылады. Бұл 41-ші жылғы соғыстағы тулар", - деп әӊгімелеп берді Кеӊес Одағыныӊ батыры Иван Панфиловтыӊ немересі Алуа Байқадамова. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бүгінгі күні музейдіӊ коллекциялық қоры ежелгі заманнан бастап қазіргі уақытқа дейінгі қазақстан халқыныӊ әскери тарихы мен мәдениетініӊ ескерткіштерін әспеттейтін сирек және бірегей экспонаттардан тұрады.

Армия генералы, тәуелсіз Қазақстанныӊ бірінші Қорғаныс министрі, Кеӊес Одағыныӊ батыры, Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтіӊ де отбасы музейдіӊ тарихи қорына өз үлесін қосты. "Музейдіӊ ашылатынын біле салысымен біз атамыздыӊ формасын қуана-қуана бердік. Бұл парадтық киім нысаны, ол киіммен атамыз елімізде өтетін анағұрлым маӊызды іс-шараларға қатысатын. Ол киімде Кеӊес Одағыныӊ батыры, Халық Қаһарманы жұлдыздарыныӊ телнұсқалары мен қалған ордендер мен медальдарға арналған планка. 80-інші жылдары тігілген парадтық фуражка, депутат куәліктерініӊ түпнұсқалары, погондар, етіктер. Сондай-ақ біз құжаттарды, сирек фотосуреттердіӊ түпнұсқаларын, оныӊ кітаптарын, сыйлыққа берілетін қылышты, қылыштыӊ жүздерін бердік. Нұрмағамбетовтердіӊ отбасы сияқты біз үшін мұнда өзіміздіӊ витринамызды ұсыну үлкен абырой. Музей өте қажет, себебі, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруды жүзеге асыруға, жас буынға тәлім-тәрбие беруге, мәдени-адамгершілік деӊгейді арттыруға көмектеседі", - деді батырдыӊ немересі Сауық Нұрмағамбетов.

КСРО-ныӊ Халық әртісі атағын иемденген қазақстандықтар арасындағы Ұлы Отан соғысына қатысқан дара әйел Роза Бағланованыӊ жеке заттары да дәл осы музейдіӊ жәдігеріне айналды. Иртістердіӊ бригадасы құрамында ол алдыӊғы шепте Қызыл әскердіӊ жауынгерлері алдында өнер көрсетіп жүрді. Оныӊ майдандық концерттері сәтті өтті. 1945 жылдыӊ 9 мамырында Роза Бағланова Берлиндегі Жеӊіс концертіне қатысты.

"Кез келген музей өзініӊ жәдігерімен құнды. Балалардыӊ, немерелердіӊ, ұрпақтыӊ құжаттарды, заттарды беруі өте дұрыс шешім. Себебі, музейдіӊ негізгі жұмысы осы экспонаттарды сақтау мен дәріптеу, оларды консервациялау және қайта жасау, сондай-ақ осы материалды зерделеу. Музейде адамдар көптеп шоғырланады және сол музей арқылы осы адамдардыӊ қызметімен танысып, оны зерделеу құба-құп болады. Біз бұл туралы барлығы, барша Қазақстан, әрбір оқушы, өзін әскери іске сарп еткен әрбір адам білгенін қалаймыз", - деді музей директоры Асқар Қасымов.

Ғимараттыӊ құрылымдық және сәулеттік бейнесіне қосымша ерекшелік беріп тұратын экспозициялық залдар бірегей болып табылатынын айта кетейік.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны