23.08.2006, 10:16 3716

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Орал. 23 тамыз. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысы әкімінің өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды. Икім орынбасарының міндеті, осыған дейін ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған Асхат Акчуринге жүктелді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне Батыс Қазақстан облысы әкімшілігінен хабарлады.

А.Акчурин кәсіпкерлік, құрылыс, көлік, байланыс жанармай, энергетика және мұнай, газ кешендерін басқаратын болады.

А.Акчурин 1961 жылы батыс Қазақстан облысы Фурмановск (қазіргі Казталовск ) ауданы Талдықұдық кентінде дүниеге келген. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Жоғары лауазым иелеріне арналған Иель университетіндегі (АҚШ) менеджмент мектебінде білім алды. Алғашқы еңбек жолын Целиноградтағы эрозияға қарсы техника жөніндегі арнайы құрастыру бас бюросында бастап, инженер-құрастырушы, бас инженер, бас құрастырушы болып жұмыс істеді. 1996 жылдың шілде айында Ақмола облысы әкімшілігі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінің бастығы болып тағайындалды. 1998 жылдың шілде айында- Астана қаласы, "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары болды, 2002 жылдың тамыз айынан Астана қаласы "Сары Арқа" ауданының әкімі қызметіне кірісті. 2004 жылдың сәуір айынан бастап ҚР президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы міндетін атқарды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны