15.06.2012, 11:29 3209

Батыс Қазақстан облысында 750 гектар шабындық жер жанып кетті

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Жанғалы ауданында шабындық жерлер өртене бастады: Зейнеп-Құдықта - 190 га, Қаражігітте - 195 га, Масқарда - 180 га, Масқар 2-де - 185 га және т.б. Өрт 14 маусым күні сөндірілді. Оның жалпы аумағы 750 га жерді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады құтқарушылар.

Астана. 15-маусым. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында 750 гектар шабындық жер жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 маусым күні Батыс Қазақстан облысының Жанғалы ауданында шабындық жерлер өртене бастады: Зейнеп-Құдықта - 190 га, Қаражігітте - 195 га, Масқарда - 180 га, Масқар 2-де - 185 га және т.б. Өрт 14 маусым күні сөндірілді. Оның жалпы аумағы 750 га жерді құрады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп нақтылады құтқарушылар.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облыстық ТЖД өртке қарсы қызметінің 6 адамы мен 2 техникасы, Пятимар ауылдық округінің ерікті өрт жасақтарының 20 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны