08.11.2007, 18:38 3405

Батыс Қазақстан облысында бизнес қауымдастығы кәсіпкерлерді бағаның өсуіне жол бермеуге шақырды

Батыс Қазақстан облысында бизнес қауымдастығы кәсіпкерлерді бағаның өсуіне жол бермеуге шақырды

Орал. 8-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының бизнес қауымдастығының басшылары кәсіпкерлер мен нарыққа қатысушылардың барлығын халық пен мемлекет алдында әлеуметтік жауапкершілік танытуға, әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтындыру үшін өздеріне байланыстылардың бәрін жасап, бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге шақырды. Өздерінің осындай мәлімдемелерін олар 7-қарашада таратты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанның өркениетті бизнесінің мемлекет алдындағы бүкіл әлеуметтік жауапкершілігін өз мойнына алып, қоғамның одан әрі нығайуына үлестерін қосатын кез келді",- деп айтылған мәлімдемеде.

Сондай-ақ мәлімдемеде, бизнес құрылымының басшылары "ғаламдық экономика факторлары, бағалық ымыраласу және жекелеген нарыққа қатысушылардың алапсатарлықтары, азық-түлік өнімдеріне аса жоғары сұраныс тудыратын алып қашпа сөздер сияқты әртүрлі объективті және субъективті себептерден туындаған бірінші қажеттіліктегі тауарлар бағасының негізсіз өсуіне ашулы. Мұндай жағдай біздің жас мемлекетіміздің қоғамдық-саяси тұрақтылығына тікелей қауіп төндіреді", деп хабарланған.

"Біз қоғам үшін келтіретін зарадаптарды ескермей, тек өз пайдаларын ғана ойлаған кейбір саудагерлердің әрекеттерін айыптаймыз", деп көрсетілген хабарламада.

Қазақстанның "Атамекен" жалпыұлттық кәсіпкерлер және жұмыс берушілер одағының облыстық бөлімшесінің, халықаралық бизнес орталығының, "Шағын бизнес орталығы" ассоциациясының, кәсіпкерлердің "Даму", ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің "Жайық шаруасы" қауымдастықтарының басшылары, Батыс Қазақстан облысының "Заман" өндірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы, "Қазақстан Республикасы тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының" Батыс Қазақстан облыстық бөлімшесінің төрағасы осы бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны