06.12.2007, 15:10 2644

Батыс Қазақстан облысында Бөкейорда ауданын газбен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Батыс Қазақстан облысында Бөкейорда ауданын газбен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Орал. 6-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы Бөкейорда ауданын газбен қамтамасыз ету жөніндегі ірі әлеуметтік жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақытхожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. Жоба 2,5 млрд теңге көлемінде бағалануда.

"Қаржыландырудың 500 млн теңге көлеміндегі бірінші бөлігі республикалық бюджеттен бөлініп те қойды. Сонымен қатар, біз қарашағандық инвесторлар жыл сайын бөліп отырған әлеуметтік қаржыны пайдаланбақпыз, сондай-ақ облыстық бюджеттен бөлінетін қаржы да жұмсалады",- деп түсіндірді облыс басшысы. Бөкейорда ауданын газбен қамтамасыз ету жөніндегі жобаны жүзеге асыу үшін Қайрат - Мұратсай, Мұратсай - Сайхин газ құбырлары салынған. Осыдан кейін Мұратсай - Орда газ құбыры салынатын болады. Бөкейорда ауданы облыс орталығынан 550 шақырым қашықтықта орналасқан және ең шалғай аудан болып саналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны