31.01.2007, 20:02 6545

Батыс Қазақстан облысында жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тауып, алтауы жарақаттанды

АСТАНА. 31-қаңтар. Kazakhstan Today. Батыс Қазақстан облысында жол көлік оқиғасының салдарынан екі адам қаза тауып, алтауы жарақаттанды, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жол көлік оқиғасы (ЖКО) Теректі ауданында болған. "ВАЗ-21083" көлігінің 35 жасар жүргізушісі 50 жасар еркектің жүргізіп келе жатқан "Фольксваген" көлігіне соғылған",- деп хабарлады ведмоствадан. Көліктердің соғылуы салдарынан "Фольксваген" көлігінің жүргізушісі мен "ВАЗ-21083" көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қайтыс болып, "Жигули" жүргізушіс, оның екі жолаушысы және де "Фольксваген" көлігінің үш жолаушысы әртүрлі дәрежеде жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны