30.04.2008, 10:11 4220

Батыс Қазақстан облысындағы жел сілкінісі Қарашығанақ кен орнындағы жұмыстармен байланысты - сейсмологтар

Батыс Қазақстан облысындағы жел сілкінісі Қарашығанақ кен орнындағы жұмыстармен байланысты - сейсмологтар

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Сейсмологтар Батыс Қазақстан облысындағы жел сілкінісі Қарашығанақ кен орынындағы жұмыстармен байланысты дегенге сенімді. "Хабар" телеарнасына берген сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сейсмология институтының директоры Дәурен Абақанов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Рыбцех ауылының маңында Қарашығанақ кен орны орналасқан. Ол Ресейден Ақсай мен Шалқар арқылы Қазақстанға созылып жатқан тектоникалық жарықтардың бірінде орналасқан. Біздің болжамдарымызға сәйкес, жер қыртысының қысымының өзгеруі осы тектоникалық ойықтың қозғалуынан пайда болды", - деп атап көрсетті ғалым.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, БҚО төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы хабарлағанындай, 26 сәуірде 18 сағат 20 минутта БҚО ТЖ жөніндегі департаментіне Орал қаласындағы көп қабатты үй тұрғындары сейсмикалық ауытқуларды сезіп, бірнеше секундқа дейін ыдыс-ыяқ сыңғырлап, төбедеге шам көзі шайқалғандығы жөнінде ақпараты келіп түскен.

"ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің сейсмология Институтының сейсмикалық станция орталығында анықталған мәліметтер бойынша Батыс Қазақстан облысында қуаттылығы 5-6 балл жер сілкінісі болған ", -деп хабарлады БҚО ТЖ жөніндегі департаментінің оқыту және дайындау бөлімінің маманы Бибігүл Нұрмұханова.

БҚО ТЖД шұғыл тобы мен Теректі ауданының әкімдігі жер сілкінісінің аумағын анықтаған. Зілзала орталығында (Теректі ауданының Рыбцех ауылы маңы) балшықтан тұрғызылған үйлердің қабырғаларында сызат пайда болып, пештердің бір бөлігі бұзылып, үй төбелерінің сылағы түсіп қалған. Құрбан болғандар мен қираған ештеңе жоқ, деп хабарлады Б.Нұрмұханова.

Оның берген мәліметтері бойынша, 1959 жылы тұрғызылған мектеп ғимаратының қабырғаларында сызат пайда болған. Бірлескен комиссия барлық тұрғындардың үйлерін аралап, келтірілген шығындардың бірінші қорытындыларын айтты. 123 үйдің бәрінің қабырғалары жарылған, мектеп ғимаратына және Рыбцех ауылындағы 11 баспанаға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны