17.04.2008, 18:15 3258

Батыс Қазақстан облысының басшылығы қазақ диаспорасының өтініші бойынша Саратов облысының кітапханасына 100 кітап тапсыруға ниет білдіріп отыр

Батыс Қазақстан облысының басшылығы қазақ диаспорасының өтініші бойынша Саратов облысының кітапханасына 100 кітап тапсыруға ниет білдіріп отыр

Орал. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысының басшылығы қазақ диаспорасының өтініші бойынша Саратов облысының Александров-Гай ауданының кітапханаларына 100 кітап тапсыруға ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Икімдік мәліметтеріне сүйенсек, бұл негізінен қазақ тілі бойынша оқу құралдары мен қазақ жазушыларының көркем әдебиеттері болады. Кітаптар Саратов облысында тұратын қазақ диаспорасының өтініші бойынша облыс кітапханаларына сыйға беріледі.

"Біздің Александров-Гай ауданының халқының 53 пайызы қазақтар. Бұрын болған мәдени байланыстар шекара орнағаннан кейін бұзылған. Біз тарихи Отанымызбен байланыс орнатып, рухани азық алғымыз келеді. Бұл бірінші кезекте қазақ тіліндегі әдебиетпен, Қазақстан туралы әдебиетпен байланысты", - деп мәлімдеді Саратов облысының Александров-Гай ауданының "Достық" қоғамының төрайымы Роза Нұрмұхамбетова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны