27.10.2016, 10:30 2619

"Батыс" өӊірлік қолбасшылығында ашық есік күні өтті

Іс-шараныӊ мақсаты жастардыӊ ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру және оларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Атырау. 27 қазан. Kazakhstan Today - "Мәӊгілік ел" патриоттық актісін іске асыру және өскелеӊ ұрпаққа қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру шеӊберінде Атырауда "Батыс" өӊірлік қолбасшылығыныӊ 41433 әскери бөлімінде "Қазақстан әскеріндегі бір күн" ашық есік күні өтті, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Оған орта мектептердіӊ 9-10 сыныбыныӊ 250-ден аса оқушысы қатысты.

Іс-шараныӊ мақсаты жастардыӊ ҚР Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге қызығушылығын арттыру және оларға патриоттық тәрбие беру болып табылады.

Іс-шара барысында оқушылар әскери қызметішлердіӊ тұрмысымен, жағдайы және күнделікті тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтыӊ, әскери техника мен жауынгерлік амуницияныӊ заманауи үлгілерімен танысып, әскери қызметшілердіӊ кәсіби даярлығын өз көздерімен көрді.

41433 әскери бөлімініӊ әскери қызметшілері оқ ату және дене даярлығы бойынша нормативтер мен жаттығулардыӊ орындалуын көрсетіп, сондай-ақ, "Атлетизм, Табандылық. Алғырлық" кедергілер жолағынан өткендерін паш етті.

Бір күнніӊ қорытындысы бойынша біршама оқушылар алған әсерлерімен бөлісті және мектепті тәмамдағаннан кейін олар ҚР Қарулы Күштер қатарында міндетті түрде қызмет ететіндерін атап өтті.

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру, Отан қорғаушыныӊ оӊ имиджін қалыптастыру, әскери кәсіптіӊ беделін нығайту және әскери қызметке ынталандыру шақырылымға дейінгі жастарға тәрбие беру бойынша Қарулы Күштер қызметініӊ негізгі бағыттарыныӊ бірі.

"Мәӊгілік ел" патриоттық актісініӊ басты идеясыныӊ бірі нығайту мен көбейту арқылы ғана емес, сондай-ақ, оны ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге дарыту арқылы жасампаз қазақстандық патриотизмніӊ негізін құру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны