26.10.2016, 16:09 3680

Бауыржан Байбек Мұхтар Иуезов атындағы драма театры ұжымына Hyundai микроавтобусыныӊ кілтін табыстады

Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек ұлт мәдениетініӊ мақтанышы, сахна өнерініӊ қара шаӊырағы болған театр ұжымын сахна төрінен мерейлі мерекесімен құттықтап, 12 орындық су жаӊа Hyundai микроавтобусыныӊ кілтін табыстады.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек Мұхтар Иуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры ұжымына Hyundai микроавтобусыныӊ кілтін табыстады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Алматы - мәдениеттіӊ ошағы, ұлттық өнердіӊ қайнар көзі. Алатау бөктеріндегі осы шаһардыӊ абыройын арттыруға, сан ұрпақтыӊ рухани санасын көтеріп, мәдениетін қалыптастыруға - Мұхтар Иуезов атындағы 90 жылдық тарихы бар Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры да зор үлес қосып келеді. Соны ескерген Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек ұлт мәдениетініӊ мақтанышы, сахна өнерініӊ қара шаӊырағы болған театр ұжымын сахна төрінен мерейлі мерекесімен құттықтап, 12 орындық су жаӊа Hyundai микроавтобусыныӊ кілтін табыстады.

"90 жылдық мерейтойын өткізіп жатқан өнер ордасыныӊ қаламыздыӊ қоғамдық-мәдени өмірінен алар орны ерекше. Құрылғалы бері көрермен назарына 465 қойылым ұсынған театр, бүгінде маусым сайын 45 спектакль көрсетеді, оны 100 мыӊға жуық көрермен тамашалайды. Ұжымда 80-нен астам қызметкер, соныӊ ішінде 67 әртіс, яғни өнер майталмандары еӊбек етеді. Біз, осы шаӊырақ астында қызмет етіп, халқын өнер нәрімен сусындатып келе жатқан аға буын өкілдерін, кейінгі келе жатқан таланттарды және театр жанашырларын осы тоймен шын жүректен құттықтаймыз", - деді Алматы қаласыныӊ әкімі Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, қала басшысы Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ театрдыӊ 90 жылдық мерейтойына орай жолдаған құттықтау сөзінде: "Ұлы Мұхтар Иуезовтіӊ есімін иеленетін бұл театрдыӊ тарихы тереӊ әрі тамаша дәстүрлерге бай және ұлт руханиятын дамытуда алатын орны өзгеше биік", - деп театр ұжымыныӊ жұмысына жоғары баға бергенін баса айтты.

Сондай-ақ, Бауыржан Байбек өзініӊ ғасырлық белесіне беттеген ұжымға шығармашылық шабыт тілеп, қалыӊ көпшілікпен бірге И.Сапарбайдыӊ "Сыған серенадасы" мюзиклін тамашалады. Көрермендер қатарында Қазақстанныӊ Халық әртісі Есмұхан Обаев, Қазақстанныӊ Халық әртісі Нүкетай Мышбаева, Қазақстанныӊ Халық әртісі Торғын Тасыбекова, басқа да өнер қайраткерлері болды.

Өз кезегінде театр ұжымы да қала басшылығына ризашылығын білдіріп, қара шаӊыраққа маӊдай тері сіӊген абыз ақсақалдар ақ батасын берді. Салтанатты шара соӊында қала әкімініӊ атынан театр ұжымына "Ықылас" гүл шоғы тарту етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны