08.09.2006, 11:53 3167

"Базис-А" корпорациясы үлес иелерінің қаражатын сақтандырды

АЛМАТЫ. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Базис-А" корпорациясы 2006-жылдың 1-қыркүйегінен бастап үлес иелерінің алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру тәртібін енгізді, деп Kazakhstan Today тілшісіне корпорациядан хабарлады.

"Базис-А" - үлес иелерінің алдындағы өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырған еліміздегі тұңғыш құрылыс компаниясы. "Бұдан былай "Базис-А" корпорациясымен тұрғын үй құрылысына үлес қосу туралы келісімге қол қойған әрбір сатып алушы құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындамаған жағдайда қосқан ақшасын қайтарып алуға кепілдік беретін сақтандыру сертификатына ие болады", деп хабарлайды корпорация.

"Базис-А" корпорациясының үлес иесінің алдында жүктеп алған міндеттемесін "Номад Иншуранс", "Нефтяная страховая компания", "Альянс-Полис" және "Алтын-полис" сынды еліміздегі танымал төрт сақтандыру компаниясы сақтандырмақ.

Құрылыс компаниясындағылардың пікірінше, "жауапкершілікті сақтандыру кейбір құрылыс компанияларының өз клиенттерін алдап кету оқиғасы жиілеп кеткен қазіргі ахуалда тұрғындардың сенімін арттыруға септігін тигізбек". Сонымен бірге азаматтық-құқықтық жауапкершілік "құрылыс саласын нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстандағы сақтандыру рыногын дамытуға ықпалын тигізуге тиіс".

"Базис-А" корпорациясы Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нарығында 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатса, жақын уақыттан бері Канада нарығына да шықты.

Қазіргі жағдаймен салынып жатқан кешендердің жалпы аумағы 3,5 млн. шаршы метрден асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны