07.04.2011, 15:27 3856

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 7 - сәуір. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазгидрометтің" болжауынша бүгін, 7 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын антициклон анықтайды.

Күн райы жауын-шашынсыз, жылы болады. Республиканың батысында атмосфералық ағымдардың ығысуына байланысты жаңбыр мен күшті желдер күтілуде.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады, 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Қарағанды, түнде Қостанай мен Павлодар облыстарының жекелеген аумақтарында сондай-ақ тұман болжануда. Атырау облысында, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей өңірлерінде 15-20 м/с екпінде жел тұрады, түнде жекелеген аумақтарды тұман басады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны