06.12.2011, 11:14 3425

Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында боран соғып, көктайғақ болады

Елдің тек солтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің ығысуымен күн райы тұрақсыз болады.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Қазақстанның басым аумағында боран соғып, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК болжауынша, сейсенбі күні Қазақстанның басым аумағының ауа райына антициклон әсер етеді.

Елдің тек солтүстігі мен оңтүстік-шығысында фронталды бөліктердің ығысуымен күн райы тұрақсыз болады.

Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Ақмола облысында оған жаяу бұрқасын қосылады.

Күндіз Ақтөбе, Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, түнде Қызылорда облыстарында сондай-ақ, тұман күтілуде.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде жаяу бұрқасын болжануда.

Ал Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны