22.01.2015, 09:29 4076

Бейсенбіде Қазақстанныӊ басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, көктайғақ болады

Бейсенбі күні Қазақстанныӊ басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді, республиканыӊ батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады Қазгидромет" РМК.

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бейсенбі күні Қазақстанныӊ басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады және жел күшейеді, республиканыӊ батысында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады Қазгидромет" РМК, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде бұрқасындатып, желдіӊ күші 15-20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қызылорда, Маӊғыстау, Атырау, күндіз Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысында бұрқасындатып, түнде желдіӊ екпіні кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, таӊертеӊ және күндіз кей жерлерде бұрқасынды болып, желдіӊ күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, желдіӊ күші 15-20 м/с.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны