28.04.2015, 11:56 4103

"Бекіре-2015"балық қорғау акциясы аясында 27 тонна балықпен 17 кг қара уылдырық тәркіленді

"Бекіре-2015" акциясыныӊ басынан бастап табиғат қорғау заӊнамасыныӊ 226 табиғат қорғау заӊ бұзушылығы анықталды, оныӊ 198 фактісі - балықты заӊсыз аулау, 20 - заӊсыз тасымалдау, 6 - факті - заӊсыз сатып алу және сату. Икімшілік жауапкершілікке 171 адам, оныӊ 39 сот тәртібімен жауапкершілікке тартылды.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Жыл сайын браконьерлермен күресу үшін еліміздіӊ су қоймаларында "Бекіре-2015" және "Уылдырық шашу" балық қорғау акциялары өткізіледі. Жыл сайын бағалы балық түрлері уылдырық шашу маусымында құқық және табиғат қорғау органдары заӊсыз балық аулауға, өткізуге, сатып алуға және оларды заӊсыз тасымалдауға жол бермеу үшін бірлесіп жұмыс атқарады. 2015 жылдыӊ басында акцияны өткізу туралы Ауыл шаруашылығы, Ішкі істер министрліктерініӊ және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасыныӊ бірлескен бұйрығы бекітіліп, үйлестіру штабыныӊ құрамы, сондай-ақ бірлескен іс-қимыл Жоспары айқындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бекіре-2015" акциясыныӊ басынан бастап табиғат қорғау заӊнамасыныӊ 226 табиғат қорғау заӊ бұзушылығы анықталды, оныӊ 198 фактісі - балықты заӊсыз аулау, 20 - заӊсыз тасымалдау, 6 - факті - заӊсыз сатып алу және сату. Икімшілік жауапкершілікке 171 адам, оныӊ 39 сот тәртібімен жауапкершілікке тартылды.

Балық қорғау инспекторлары браконьерлерден 27 тонна балық (оныӊ ішінде бекіре балығы - 1 тонна), шамамен 18 кг қара уылдырық, 1200 балық аулау мен 176 жүзу құралдарын тәркіледі. "Бекіре-2015" акциясыныӊ қорытындысы маусым айында шығарылады.

Бекіре балығын заӊсыз аулағаны үшін 2000 МРП көлемінде айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылып отырғанын атап өткен жөн. Мұнымен табиғатқа ірі көлемді залал келтірілген жағдайда немесе балық аулау ұйымдасқан топпен жүзеге асырылса, мұндай жағдайда 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.

2014 жылы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетініӊ аумақтық бөлімшелерініӊ инспекторларымен 6764 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалары жасалды, оныӊ ішінде әкімшілік жазаға 979 адам, 50 адам сотпен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өткен жылы инспекторлар 820 мыӊ теӊгеге 44 375 тонна қара балық, 500 мыӊ теӊгеге 1,072 тонна бекіре балығын және 0,005 тонна бекіре уылдырығын тәркіледі.

2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша табиғат қорғау заӊнамасын бұзушыларға 52,4 млн. теӊгеге айыппұл салынды, оныӊ 40,3 млн теӊгесі төленді (77%). Балық ресурстарына келтірілген залал үшін заӊ бұзушыларға 16,4 млн. теӊгеге талап қойылып, оныӊ 7,7 млн. теӊгесі (47%) қайтарылды.

2010 жылы Каспий теӊізімен шекаралас мемлекеттерініӊ үшінші Саммиті өткеннен кейін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау келісімін талқылауды қайта жалғастыруды, сондай-ақ 5 жыл мерзімге дейін Каспийде бекіре балығын коммерциялық аулауына мораторий енгізу механизімін әзірлеуді тапсырды. Осы уақыттан бастап Қазақстан өсімін молайту және ғылыми мақсаттарды қоспағанда, Каспий теӊізінде бекіре балық түрлерін коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салу туралы біржақты мораторий жариялады.

2014 ж. қыркүйек айында Астрахан қ. (РФ) бұл келісімге Каспий теӊізімен шекаралас 5 мемлекет қол қойды. Құжат Каспий теӊізініӊ су биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және сақтау мәселесін, сондай-ақ ортақ биологиялық ресурстарды басқаруды реттейді. Қазіргі таӊда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Келісімніӊ күшіне енуге қажетті процедуралар өткізілуде. Бүгінгі күні келісімді ратификациялау бойынша құжаттар ҚР Үкіметімен мақұлданып, ҚР Парламентіне жолдануда.

ҚР АШМ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны