01.02.2021, 16:49 7721

Бекшин Алматыда карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды

Cауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады.
Алматы. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысы шықты.
 
Құжаттың толық мәтіні Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің сайтында жарық көрген.
 
Жаңа қаулыға сәйкес, сауда орталықтары, сауда және ойын-сауық орталықтары сағат 10:00-23:00 аралығында жұмыс істейді және жексенбі күні дәріханалар мен азық-түлік дүкендері ғана ашық болады.
 
Кинотеатрлар жабылмайтын болды.
 
Азық-түлік және оған жатпайтын дүкендер, бизнес-орталықтар, фотосалондар, фитнес орталықтары, спорт залдары, туристік компаниялар мен бірнеше нысанның жұмыс істеуіне рұқсат берілді.
 
СПА-орталықтар мен бассейндер дүйсенбі-сенбі күндері таңғы 6:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді.
 
Моншаларға уақыт шектеуі қойылмайды.
 
Сауда орталықтарындағы тамақтану нысандары сағат 7:00-23:00 аралығында жұмыс рұқсат берілді, соңғы чек сағат 22:00-де жабылуы тиіс. Мұнда апта күндеріне қарай шектеу қойылмайды.
 
Фудкорт аймағы жабық болады және тек тамақ жеткізу қызметін көрсете алады.
 
Қоғамдық көлік жұмысына уақыт жағынан шектеу қойылмайды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны