25.06.2012, 12:34 2815

Беларусь хирургтары Павлодарда 10 науқастың жүрегіне күрделі оталар жасады

Өткен аптада Беларусьтың хирургтар тобы Павлодарда күрделі он ота жасады, олардың арасында ашық жүрекке шұғыл түрде жасалған операциялар бар, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Беларусь хирургтары Павлодарда 10 науқастың жүрегіне күрделі оталар жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен аптада Беларусьтың хирургтар тобы Павлодарда күрделі он ота жасады, олардың арасында ашық жүрекке шұғыл түрде жасалған операциялар бар, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.

Беларусь дәрігерлері заманауи әдістерді қолдана отырып, жаңа хирургиялық процедураларды игеріп жатқан жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасты. № 2 аурухананың кардиологиялық бөлімінде ағымдағы жылдың бес айы ішінде өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оталар 1,3 есеге көп жасалды.

"Павлодарлық мамандар нағыз кәсібилер. Онда құрылып отырған кардиологиялық орталықта тамаша жабдықтар бар, бұл күрделі оталарды өткізу үшін үлкен мүмкіндіктер ашады", - деп атап өтті беларусьтық дәрігерлер тобының жетекшісі, кардиохирург Юрий Островский.

Павлодарлық және беларусьтық дәрігерлер ұзақмерзімді ынтымақтастыққа және жергілікті хирургтардың Беларусияда білім алуына келісті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны