21.05.2008, 18:36 3496

Бетон қабырғаның құлауынан зардап шеккендер сараптаманы қайта өткізуге қол жеткізбек ниетте

Бетон қабырғаның құлауынан зардап шеккендер сараптаманы қайта өткізуге қол жеткізбек ниетте

Алматы. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысының Ақсай шатқалында бетон қабырғаның құлауы салдарынан зардап шеккен адамдар қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулымен келіскісі келмейді және сараптаманың қайта өткізілуіне қол жеткізбек ниетте. Бұл туралы бүгін "Бірлік" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған баспасөз мәслихаты барысында жәбірленушілердің мүдделерін қорғаушы адвокат Юрий Усов мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Қарасай аудандық полициясының Каменка пункті қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық із қозғаудан бас тартқан. Істе Қазақстан Республикасының Иділет министрлігінің сот сараптамасы орталығының Алматы қалалық сот-құрылыс сараптама қызметінің бас маманы Игорь Миллер берген қорытынды бар. Онда қабырға сел жүруі себепті құлап қалған деп көрсетілген.

"Сараптама, біздің ойымызша, кәсіби емес, жанама түрде жүргізілген", - деп атап көрсетті Ю. Усов.

"Қазақстан әйелдері" республикалық қозғалысының төрайымы, "Бірлік" қозғалысының жетекшісі Дәметкен Иленованың ақпаратына сүйенсек, сарапшының қорытындысында айқын қарама-қайшылықтар көзге ұрып тұр.

"Онда бір жерде И. Миллерде осы кезеңдегі жауын-шашын жайлы мәліметтің жоқ екендігі айтылған. Ал соңында осы беткейдің құлауы атмосфералық жауын-шашындардың әсерінен болуы мүмкін деп жазады", - деді Д. Иленова.

Сонымен қатар, оның айтуынша, сарапшы қорытындысында жәбірленуші Дүзімбай Найманбаев өз жер учаскесінде беткейден жер қазған деп көрсеткен, ал іс жүзінде ол жердің опырылуынан пайда болған. "Онда қабырға орнатылғаны, ол қабырғаның орнында арматуралар жатқаны жайлы бір ауыз сөз жоқ", - деп түсіндірді Д. Иленова.

"Сауатсыз рәсімделген сыбайлас жемқорлық қылмысы көзге ұрып тұр", - деп сөзін қорытты "Бірлік" қозғалысының жетекшісі баспасөз мәслихатына қатысушылардың пікірін білдіре отырып.

"Ірі құрылыс серкелерінің басынғандықтары соншалықты, олар азаматтардың тіршілік кеңістігін мақсатты түрде жоюда, әрқилы әдістермен адамдарды ығыстыруда. Ол осы секілді қайғылы оқиғаларға ұрындырып отыр", - деп мәлімдеді "Шаңырақ" қоғамдық бірлесітігінің өкілі Айнұр Құрманов.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Алматы облысының Ақжар кентінде 20 наурызда бетон тіреулері бар терраса саяжай үйіне құлауы салдарынан 5 адам қайтыс болып, бір бала ауыр жарақаттанып, тоғыз бала жетім қалған еді. Қайтыс болған әйел тұрған үйге "Базис-А" корпорациясының бетон зауытының директоры Сергей Игнатов орнатқан тіреу қабырғасы құлап түскен. Бұл қабырға заңсыз салынған. Жергілікті жердің бедері ескерілмеген.

Төменгі жақта орналасқан саяжай аумақтарының тұрғындары өмірлеріне төніп тұрған қауіп жайында әкімдік пен Төтенше жағдайлар министрлігіне хат жазып, өтініш жолдаған. Алайда жауаптарын әлі алмаған. Оның үстіне, С. Игнатов Қарасай ауданының бас сәулетшісі мен облыстық "Қазақ құрылыс комитетінің" ескерту қағаздарын алудан бас тартқан және қабырғаны нығайту үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны