20.07.2016, 11:19 3731

Биыл 2 мыӊнан астам белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамға арнаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2016 жылдыӊ басынан бастап белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығыныӊ жанындағы (әрі қарай - ИБО) арнаулы мобильді әлеуметтік патруль қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2 мыӊ 332 адамға арнайы әлеуметтік қызмет (әрі қарай - АИҚ) көрсетті

Астана. 20 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылдыӊ басынан бастап белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығыныӊ жанындағы (әрі қарай - ИБО) арнаулы мобильді әлеуметтік патруль қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 2 мыӊ 332 адамға арнайы әлеуметтік қызмет (әрі қарай - АИҚ) көрсетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жоғарыда аталған мобильді қызметтер еліміздіӊ барлық аймақтарында құрылды. Оныӊ негізгі қызметі - АИҚ-ға зәру белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды анықтау, оларға қажетті көмек беру үшін уақытша болу ұйымдарына жеткізу.

АИҚ алғашқы медициналық тексеру мен алғашқы санитарлық тазалау, дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету, емделуге мұқтаж қызмет алушыларды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға және ілесіп жүруге жәрдемдесуді қарастырады.

Сонымен қатар, ИБО мобильді қызметтері белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында ресоциализация қажеттілігініӊ пайдасы туралы үнемі ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады. Егер адам ресоциализация шартына отыруға келісім берсе, ол ИБО-ға, бас тартқан жағдайда - түнде болу бөлімшесіне жеткізіледі.

2015 жылдыӊ қорытындысы бойынша мобильді әлеуметтік патруль қызметі 1,6 мыӊнан астам адамға көмек көрсетті.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны