07.07.2016, 12:20 3212

Биыл Ақмола облысында "ЖҚЖК 2020" бағдарламасы шеӊберінде 33 әлеуметтік нысан жөнделеді

Бүгінгі күні 14 жобаныӊ іске асырылуы басталды, оныӊ шеӊберінде 228 адам жұмысқа тұрды, олардыӊ ішіндегі 153 адам - "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар.

Астана. 7 шілде. Kazakhstan Today - 2016 жылы Ақмола облысында "Жұмыспен қамтудыӊ 2020 жол картасы" (бұдан әрі - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасыныӊ жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 1,9 млрд. теӊге бөлінді. Осы қаражат есебінен 33 инфрақұрылымдық нысанды жөндеу жоспарлануда, оныӊ 27-де күрделі жөндеу, 6-да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жөнделетін ғимараттардыӊ 13-і - білім беру, 11 - денсаулық сақтау, 5 - әлеуметтік қорғау, 4 - мәдениет нысаны.

Инфрақұрылымдық жобалардыӊ іске асырылуы 766 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оныӊ ішінде 387 адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналастырылады.

Бүгінгі күні 14 жобаныӊ іске асырылуы басталды, оныӊ шеӊберінде 228 адам жұмысқа тұрды, олардыӊ ішіндегі 153 адам - "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына қатысушылар.

2015 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теӊге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылғанын естеріӊізге саламыз. 2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теӊге бөлінді. Бұл қаражат жобалардыӊ саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардыӊ тапсырыстары негізінде өӊірлер арасында бөлінеді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны