05.12.2012, 16:37 3314

Биыл Алматы облысында "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 12 үйдің құрылысы басталады

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасынан хабарлады.

Алматы. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - Биыл Алматы облысында "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша 12 үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасынан хабарлады.

"Ағымдағы жылы "Қол жетімді баспана-2020" бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қосымша бөлінген 1,6 млрд қаражат есебінен 27,1 мың шаршы метр жалға берілетін баспана 1,1 млрд теңгеге салу жоспарлануда. Ол 12 үй. Оның инженерлік - коммуникациялық желілерін жүргізуге 520 млн теңге бағытталды", - деді сәрсенбі күні құрылыс басқармасының бастығы Мұхтар Батқалов.

Оның мәліметтерінше Талдықорғанның оңтүстік-батысында кешенді құрылыс бастау жоспарлануда. Ауданы 210 га болатын тұрғынүй массивінің жобасы жасалды, онда телефон тартудың магистралдық желілерінің жобалық-іздестіру жұмыстары аяқталып келеді.

"Одан басқа, қала маңы мен шекаралас аудандар - Қарасай, Иле, Талғар, Жамбыл, Енбекшіқазақ, Панфилов және Алакөл аудандарынан 133 га жер баспана салуға резервке қойылды", - деді М. Бақалов.

Ағымдағы жылы басқарма мәліметтерінше, 740,0 мың шаршы метр баспана тапсыру жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны