24.06.2008, 17:31 3589

Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді

Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді

Алматы. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Биыл Алматыда 39 балабақша жөнделеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне берген сұхбатында білім департаментінің бас маманы Людмила Сейілова хабарлады.

"Биыл 39 балабақша жөнделеді. Бұл мақсатқа 1 млрд 108 млн 636 мың теңге бөлінген. Бізде балабақшалар 90-шы жылдардан бері жөнделген жоқ, бұл жұмысқа тек 2005 жылы ғана кіріскен, онда да жылына 5-6 балабақша ғана жөндеуден өткізілетін. Биыл олардың саны - 39", - деді Л. Сейілова.

Қазір балабақшалардағы бес жасқа дейінгі балалар тек ата-анасының есебінен ғана тәрбиеленуде. Олар азық-түлік, коммуналдық қызметтер мен топ қызметкерлерінің жалақысын төлейді. Орта есеппен қала бойынша балабақшаға бару құны 15-16 мың теңгеге тең. "5 жастан бастап баланың ата-анасы тек азық-түлік шығындарын ғана төлейді, бұл шамамен 6-7 мың теңге. Бұрын азық-түлік құны 3,5 - 4 мың теңге болса, қазір ол қымбаттады", - деді Л. Сейілова.

Қазір Алматыда 159 балабақша жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны