15.07.2016, 11:54 4602

Биыл "ЖҚЖК 2020" бағдарламасына 78 мыӊнан астам адам қатысты

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 643 жоба жүзеге асырылып, 9 мыӊ 579 жұмыс орындары құрылды. Аталған жұмыс орындарына 4 мыӊ 697 бағдарламаға қатысушы орналастырылды.

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Жыл басынан бастап "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" (әрі қарай - "ЖҚЖК 2020") бағдарламасына 78,4 мыӊ адам қатысты, оныӊ ішінде жұмыссыз азаматтар - 44,9 мыӊ (57,3%), өзін өзі жұмыспен қамтығандар - 25,3 мыӊ (32,2%), ішінара жұмыспен қамтылғандар - 750 адам (1%). Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы және жұмыспен қамту шараларыныӊ аймақтық кешенді жоспарын 2016 жылдыӊ бірінші жартыжылдығында жүзеге асыру нәтижелері" атты тақырыпта өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ол "ЖҚЖК 2020" қатысушылары арасында аз қамтылған азаматтар үлесі 3 мыӊ 340 адам болса, 2 мыӊ 594 мүгедек адамдар екенін атап айтты. 29 жасқа дейінгі жастар үлесі 46,2% (36 мыӊ 206 адам), әйелдер - 45,8% (35 мыӊ 968 адам).

2016 жылы "ЖҚЖК 2020" бағдарламасын жүзеге асыруға 100,8 млрд. теӊге бөлінді.

"ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ бірінші бағыты аясында (инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету) 643 жоба жүзеге асырылып, 9 мыӊ 579 жұмыс орындары құрылды. Аталған жұмыс орындарына 4 мыӊ 697 бағдарламаға қатысушы орналастырылды.

Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарын дамытуды қарастыратын екінші бағыт бойынша микрокредиттеуге 30,8 млрд. теӊге бөлінді, 2 мыӊ 871 адам микрокредит алды.

Оқыту және қоныс аудару, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қарастыратын "ЖҚЖК 2020" бағдарламасыныӊ үшінші бағыты аясында 4 мыӊ 191 адам кәсіби оқумен қамтылды.

11 мыӊ 647 адам орташа айлық жалақы мөлшері 53 мыӊ 80 теӊгені құрайтын әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. Жастар практикасына 8 мыӊ 558 адам бағытталды.

Жұмыс күші мол аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға 320 отбасы көшті (672 адам). 424 жұмысқа жарамды отбасы мүшелерініӊ 319-ы жұмысқа орналастырылды, оныӊ ішінде тұрақты жұмыс орындарына 314 адам.

Біржан Нұрымбетов Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасын орындау мақсатында "ЖҚЖК 2020" бағдарламасы жетілдірілгенін еске салды.

"Қысқартылған жұмыс уақытына төленетін жалақыны (Германия тәжірибесі) уақытша субсидиялау, қызметкерлерді оқыту үшін жұмыс берушілерге гранттарды беру, жұмыс істейтін жастарды кәсіби оқыту арқылы жұмыс орындарын сақтау тетіктері жасалды. Сонымен бірге, микрокредиттеу тиімділігін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жұмыспен қамтуды ұлғайту арқылы жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қарастырылған", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Вице-министр Қазақстанныӊ еӊбек нарығындағы жағдай туралы да мәлімдеді.

Вице-министр 2016 жылғы 1 тоқсанныӊ қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 8 млн. 907,2 мыӊ адам болғанын атап айтты.

"Бүгінде экономикада 8 млн. 463,4 мыӊ адам жұмыспен қамтылған. Экономикалық белсенді халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деӊгейі 95%-ға жетті. Жұмыс істейтін азаматтардыӊ арасында жалдамалы жұмысшылар саны 6 млн. 235 мыӊ адам немесе 74%, өздігінен жұмыспен қамтылғандар - 2 млн. 228,3 мыӊ адам. Оныӊ ішінде өнімді түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 1 млн. 809,6 мыӊ, тиімсіз түрде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 418,7 мыӊ адам. Жұмыссыздар саны 443,7 мыӊ адам, жұмыссыздық деӊгейі - 5% болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) - 4,3%, әйелдер арасындағы жұмыссыздық - 5,6%", - деп хабарлады Біржан Нұрымбетов.

Естеріӊізге сала кетейік, 2015 жылы "ЖҚЖК 2020" жүзеге асыру үшін 32,8 млрд. теӊге жұмсалған болатын: 1-бағытты (инфрақұрылымдық нысандарды жөндеу) іске асыруға 13,7 млрд. теӊге (98%). Микрокредиттеуді ұйымдастыруға 10,4 млрд.теӊге (31,7%), халықтыӊ мақсатты тобыныӊ жалақысын субсидиялау мен оларды кәсіби оқыту (әлеуметтік жұмыс орындары, жастар практикасы) - 6 млрд. теӊге, еӊбек мобильділігін арттыру - 2,7 млрд. теӊге (8,3%).

2015 жылы бағдарламаға 136 мыӊ адам қатысты, "ЖҚЖК 2020" аясында 588 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 8,6 мыӊ адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, 6 мыӊнан астам адам өз бизнесін ашу мен ұлғайту мақсатында микрокредит алды, олар 6,1 мыӊ қосымша жұмыс орындарын ашты. 14 мыӊ адам тегін кәсіби оқытуға жіберілді, 24,5 мыӊ адам мемлекет субсидиялаған жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, 1,2 мыӊ адам жаӊа мекен-жайға көшірілді. Оларға тұрғын үй беріліп, жұмыспен қамту шаралары көрсетілді.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны