09.04.2008, 10:42 1493

Биылғы жылы жетпей тұрған астық көлемін Қырғызстан Қазақстаннан сатып алады

Биылғы жылы жетпей тұрған астық көлемін Қырғызстан Қазақстаннан сатып алады

Бішкек. 9 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Биылғы жылы жетпей тұрған астық көлемін Қырғызстан Қазақстаннан сатып алады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының ауыл, су шаруашылықтары және өңдеуші өнеркәсіп министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Мекеменің баспасөз қызметі республиканың азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында екпе алқаптың жаңа құрылымы жасалғанын атап көрсетті. Ол 2007 жылы жоспарланған мөлшерден 14,6 мың гектар жер көп және 1,5 млн гектарды құрайды.

"Республика халқын өз нанымен толық қамтамасыз ету үшін 1 065 мың тонна бидай керек. Оның 800 мың тоннасын өз күшімізбен өсіруге тырысып бағамыз. Ал қалған 265 мың тоннаны Қазақстаннан әкелу қарастырылған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі елге 50 мың тонна көлеміндегі Қазақстан астығының жеткізіле бастағанын атап көрсетті. Қалған көлемді сатып алуға қатысты келіссөздер жүріп жатыр".

"Қазақстан Қырғызстанның дәстүрлі астық жеткізушісі. Оның үстіне онымен сатып алынатын астық көлемі және оның қолайлы бағасы жайында қашан да болсын келісуге болады", - деп атап көрсетті Қырғызстан Республикасының ауыл шаруашылық мекемесі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны