29.10.2009, 18:05 3132

Билік өкілдері өздерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықтың тасасына жасыруға тиіс емес - журналистік ұйымдар

Билік өкілдері өздерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықтың тасасына жасыруға тиіс емес - журналистік ұйымдар

Алматы. 29 қазан. Kazakhstan Today - Билік өкілдері өздерінің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерін азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылықтың тасасына жасыруға тиіс емес. Осы жөніндегі мәлімдемені парламент мәжілісінің депутаттарына жолдаған Қазақстанның журналистері одағының басқармаларының төрағасы Сейітқазы Матаев пен Халықаралық "Иділ сөз" сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева "Қазақстан Республикасының кейбір заңдарына азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын кері қайтару қажеттігін ұсынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық жөніндегі құқығын құрметтей отырып, біз оны қорғаудың заңды шаралары қоғамның бұқаралық маңызы бар ақпаратты алу құқығын да бекіте түсумен біруақытта жүргізілуге тиіс деп санаймыз. Мәселен, дамыған демократиялық елдердің үлгісіне сәйкес құқық жүйесіне "жариялы тұлға" атты ұғымды жасап енгізу, бұған қоса, билік өкілдеріне қатысты сын-пікірге артықша жол берілетін принципті енгізу, қорлау мен жалған жала жабуды декриминализациялау қажет", - делінген мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны