12.06.2006, 14:45 3023

Білім министрі ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу қажет деп санайды

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Республиканың білім және ғылым министрі Бірғаным Ийтімова ғылымды қаржыландыру көлемін Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін парламенттегі үкіметтік сағат барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Ғылымды қаржыландыру көлемін дүниежүзіндегі дамушы елдердің басым бөлігіне тән Жалпы ішкі өнімнің 1,5- 2 процентіне дейін жеткізу – Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді”,- деді министр. Оның айтуынша, 2000-жылдан бері Қазақстанда “ғылымды қаржыландыру көлемінің ұлғая түсу ағымы байқалып отыр. Ғылым саласына жұмсалатын шығын көлемі Жалпы ішкі өнімге шаққанда 2000-жылғы 0,08 проценттен 2006-жылы 0,26 процентке дейін ұлғайды”,- деді Б.Ийтімова.

“Сарапшылардың пікірінше, 5-7 жыл бойына ғылыми зерттеулерге жұмсалған шығындар Жалпы ішкі өнімнің 1 процентінен аспай келген жағдайда елдің ғылыми-техникалық әлеуеті біржола күйреуі мүмкін”, деді Б.Ийтімова. Оның айтуынша, Жапония мен Финляндияда ғылымды қаржыландыру көлемі жыл сайын Жалпы ішкі өнімнің 2,2 процентін құраса, АҚШ-та 2,7, Оңтүстік Кореяда 2,6 процентті құрайды екен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны