18.05.2007, 19:21 3089

Білім және ғылым министрілігі жоғарғы оқу орындарында бірыңғай ұлттық тестілеуден басқа талапкерлерге арналған қосымша тестілеу енгізуді жоспарлауда

АСТАНА. 18 - мамыр. Kazakhstan Today. Білім және ғылым министрілігі жоғарғы оқу орындарында бірыңғай ұлттық тестілеуден басқа талапкерлерге арналған қосымша тестілеу енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін 2007 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізу және оған дайындық жөніндегі республикалық кеңесте мекеме басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз жоғарғы оқу орындарына түсіушілерге арналған бірыңғай ұлттық тестілеу өткізілгеннен кейін, талапкер оқуға түсетін жоғарғы оқу орынында қосымша тестілеуден өту тәртібін орнатуды жоспарлаудамыз",- деді министр.

Оның айтуынша, "өткен жылы жекелеген аудан мен облыс әкімдері өздерінің аймақтарының жалпы рейтингісін көтеру мақсатында балды (бірыңғай ұлттық тестілеу баллын - Kazakhstan Today ескер.) көтеруге себепші болған". "Біз мұндай жағдайлардың қайталануының алдын алу үшін жоғарғы оқу орындарында талапкерлер үшін қосымша тестілеуді енгізбекпіз",- деп қосты Ж. Түймебаев.

Оның айтуынша, 2007 жылы бірыңғай ұлттық тестілеуге 144 117 мектеп түлектері қатысады. Оның ішінде 80 мың түлек қазақ тілінде білім беру мектептерінің және 60 мың түлек орыс тілінде оқытылатын мектептердің түлектері. Үстіміздегі жылы бірыңғай ұлттық тестілеуді өткізуге республикалық бюджеттен 521 млн теңге бөлінген. Министр, бірыңғай ұлттық тестілеу 10 мен 15 маусым аралығында 154 тестілеу пункттерінде өткізілетіндігін еске сала кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны