10.02.2016, 17:23 2665

Былтыр қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалардан 1300-ден астам медаль жеӊіп алды

2015 жылы қазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 1300-ден астам медаль жеӊіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығыныӊ баспасөз қызметінен хабарланды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - 2015 жылы қазақстандық оқушылар жалпы білім беретін пәндерден халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан 1300-ден астам медаль жеӊіп алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығыныӊ баспасөз қызметінен хабарланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, Қазақстанныӊ дарынды оқушылары 30-ға жуық халықаралық білім додасына қатысып, 276 алтын, 384 күміс, 629 қола медаль, сондай-ақ 20 грамота иеленді. Жүлделердіӊ жалпы жиынтығы 1309-дан асады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Биылғы оқу жылынан да үміт көп. Өйткені, Алматыда наурыз айыныӊ басында оқушылар арасында Ө. Жолдасбеков атындағы математика-механикадан халықаралық зерттеулер жобасыныӊ байқауы өтеді. Сондай-ақ 14-19 наурыз аралығында Көкшетау қаласында математикалық бағыттағы республикалық олимпиада және 23-24 наурызда әл-Фараби атындағы республикалық олимпиада жоспарланған", - делінген баспасөз баянында.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны