27.06.2008, 18:15 2993

Бірыңғай тест Ресейдің интеллектуалдық әлеуетін жоюға бағытталған АҚШ сынағы болып табылады - Бүкілресейлік білім беру қорының президенті

Бірыңғай тест Ресейдің интеллектуалдық әлеуетін жоюға бағытталған АҚШ сынағы болып табылады - Бүкілресейлік білім беру қорының президенті

Алматы. 27 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Бірыңғай мемлекеттік тест - бұл АҚШ-та жасалған және Ресейдің интеллектуалдық әлеуетін жоюға бағытталған ғылыми тәжірибе, деп мәлімдеді Бүкілресейлік білім бері қорының президенті, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Сергей Комков, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Forum.msk.ru электронды газетіне сілтеме жасай отырып.

С. Комковтың айтуынша, Ресейде сонау 1987 жылы АҚШ Конгрессі қабылдаған "Орыс жобасының" аясында өткізіліп келе жатқан және елдің бүкіл халқын жаппай қамтыған ғылыми тәжірибе сегізінші жыл қатарынан жүргізіліп келе жатыр. Жобаның негізгі мақсаты АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің 1948 жылдың 18 тамызындағы "Даллес жоспары" деген атпен кеңінен танымал "Ресейге қатысты міндеттер" атты №20/1 нұсқауын жүзеге асыру болып табылады. Осы нұсқаулыққа сәйкес КСРО-ны түбірімен жойып, Ресейдің әлеуетін жоюға кірісу көзделген. Осы "Орыс жобасының" аясында 1992 жылы Мәскеуде Дүниежүзілік банктің грантына Жоғарғы экономика мектебі ашылған.

"Осы оқу орыны білім беру мен ғылым саласындағы "реформаларды" асаудың және жүзеге асырудың басты буынына айналған. Тап осы жерде Гарвард университетінің профессурасының белсенді қатысуымен бірыңғай мемлекеттік емтиханды енгізу бойынша кең көлемдегі "сынақ" жүргізу идеясы туындаған", - деп хабарлады академик.

Оның айтуынша, бұл "тәжірибе" АҚШ-ның білім беру жүйесінің өзінде ауыр салдарға алып келіп, Еуропа елдерінің көптеген мемлекеттерінде қабылданбаған. Алайда, 2000 жылы Ресейдің жетекші мамандарының қатты қарсылығына қарамастан "тәжірибе" басталып кеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны