30.05.2018, 23:45 4202

Бірінші бүкіләлемдік этноспорт ойындары Қазақстанда өтуі мүмкін

Айта кетейік, ЮНЕСКО ұйымы 2021 жылы бүкіләлемдік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттіӊ қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

Астана. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Елордаға ЮНЕСКО-ныӊ Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетініӊ төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттіӊ үйлестірушісі Марселлин Дэлли және комитеттіӊ хатшысы Шамми Рананыӊ ресми сапармен келуіне арналған баспасөз-конференциясы ҚР Ұлттық музейінде 31-мамырда өтеді.

Жиынға сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығыныӊ құрметті президенті Қайрат Сатыбалдыұлы және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығыныӊ президенті, ҚР Парламенті Мәжілісініӊ депутаты Бекболат Тілеухан қатысады.

Шара аясында ЮНЕСКО, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қою көзделуде.

Аталған мәртебелі меймандардыӊ Қазақстанға арнайы ат басын бұруыныӊ басты себебі - 1-2 маусым күндері Астанадағы "Қазанат" атшабарында өтетін Теӊге ілуден ІІ Азия чемпионаты мен Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионатын тамашалау.

Айта кетейік, ЮНЕСКО ұйымы 2021 жылы бүкіләлемдік бірінші этноспорт ойындарын өткізуді жоспарлап отыр. Осы әлемдік бәсекені өткізуге үміткер төрт мемлекеттіӊ қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

Сонымен қатар, ЮНЕСКО өкілдері "Этноспортты дамыту және насихаттау" тақырыбында семинар кеӊес ұйымдастырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны