20.03.2013, 11:02 2981

Бірінші вице-премьер Б.Сағынтаев Қарағанды облысындағы бірқатар нысандарды аралады

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер "Жезқазған-Бейнеу" теміржолының құрылысы барысымен танысты. Аталған теміржолды енгізу Ақтау портына Қазақстанның орталық облыстарынан тез шығуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында көмір, мұнай мен газ, мыс кені, темір кені және басқа да кен орындарын игеруге жағдай жасайды.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Күннің алғашқы жартысында бірінші вице-премьер "Жезқазған-Бейнеу" теміржолының құрылысы барысымен танысты. Аталған теміржолды енгізу Ақтау портына Қазақстанның орталық облыстарынан тез шығуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, Қазақстан Республикасында көмір, мұнай мен газ, мыс кені, темір кені және басқа да кен орындарын игеруге жағдай жасайды.

Одан кейін Бақытжан Сағынтаев Жезқазғанда тау-кен шахтылары жабдықтарына арналған сүзгіштерді шығаратын "Казтехфильтр" ЖШС-на барды. Осы кәсіпорын сонымен қатар жеңіл және жүк автокөліктеріне, автобустар мен арнайы техникаларға арналған ауа сүзгішін, жанармай және май сүзгіштерін шығаруға ниет білдіруде. Бұл ретте кәсіпорындағы өз өнімін жергілікті нарықтарға өткізіп қана қоймай, Ресей мен Өзбекістанға да өткізуді жоспарлауда.

Одан кейін бірінші вице-премьер "Kazakhmys Smelting" ЖШС мыс қорытатын зауытына барды.

Бақытжан Сағынтаев Сәтбаев қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС спорттық-сауықтыру кешенін қарады және корпорацияның технологиялық колледжіне барды. Одан басқа, бірінші вице-премьер "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС тиесілі Оңтүстік Жезқазған кенішінің №65 шахтасына барды. Кеніш 1966 жылы Жезқазғандағы мыс кен орындарында жер астын пайдалану және мыс алу үшін жасалған, сонымен қатар, тау-кен бөлуде 408 га көлемі шегінде жұмысты жүзеге асырады. Кеніштің жылдық жобалық және нақты өнімділігі 6205 мың. тонна кенді құрайды. Жұмыс істейтін қызмткерлердң саны 1475 адам.

Жұмыс сапарының қорытынды кезеңінде Бақытжан Сағынтаев 2012-2017 жылдарға арналған Жезқазған, Сәтбаев қалаларын және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша кешенді жоспар шеңберінде жобаларды іске асыру барысы туралы ақпаратты тыңдады.

Республикамыздағы 27 моноқалалардың сегізі Қарағанды облысында орналасқан, солардың ішінде Жезқазған мен Сәтбаев қалалары екенін жақсы білеміз. Бірінші вице-премьер облыс әкімдігіне аталған моноқалалардың "зәкірлі" инвестициялық жобаларын іске асыруды тұрақты түрде бақылауда ұстауын тапсырды. Сонымен қатар, орындаушы билік органдары "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының мүмкіндіктерін кең пайдаланып, жаңа өндірістердің құрылуына гранттар беру қажет екенін айтып өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны